Ризабек Айтмұхан халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды

/
Ризабек Айтмұхан халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды
Фото: United World Wrestling

Қазақстанның ең мықты балуандарының бірі Ризабек Айтмұхан Түркияның Коджаэли қаласында өткен еркін күрестен халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Яшар Доғу, Вехби Емре және Хамит Капланды еске алуға арналған турнирге әлемнің түкпір-түкпірінен келген ең үздік спортшылар қатысты және бұл жарыс олимпиадалық циклдегі ең беделді турнирлердің бірі болып саналады.

Финалда қазақстандық балуан бұрын Ресейдің атынан өнер көрсеткен, қазіргі таңда Болгарияны танытатын Ахмед Магамаевты 7:2 есебімен сенімді түрде жеңді.

Бұған дейін осы турнирде әлем чемпионы Нұрқожа Қайпанов та жарқын жеңіске жетіп, 74 келі салмақ дәрежесінде финалда болгарлық Рамазан Рамазановты 5:0 есебімен тізе бүктірді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары