Екібастұз тұрғыны ойын алаңында кішкентай баланы ұрып-соққан

/
Екібастұз тұрғыны ойын алаңында кішкентай баланы ұрып-соққан
istockphoto.com

Екібастұзда әйел кішкентай баланы аулада ұрып, қоұан-лоққы көрсеткен, деп хабарлады turkystan.kz сайты Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде таралды. Кадрларда әйел балаға қол көтеріп, денесін жұлқылап, басынан ұрып жатқаны айқын көрінеді. Бала қорыққаннан жылап тұрған дауысы естіледі.

– Полиция әйелдің кәмелетке толмаған балаға дене жарақатын келтіру фактісі бойынша тексеруді бастады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады, – деді Екібастұз қаласының полиция басқармасында.

Сондай-ақ, видеода әйел балаға сес көрсетіп, «сені қылғындырып тастаймын» деген сөздерді айтқаны фиксацияланды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары