Бейжіңде Жеңістің 80 жылдығына орай парад өтеді

/
Бейжіңде Жеңістің 80 жылдығына орай парад өтеді
istockphoto

2025 жылғы 3 қыркүйекте Бейжіңде Қытай халқының жапон басқыншыларына қарсы соғыстағы Жеңісінің және Дүниежүзілік антифашистік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтеді.

Бұл туралы Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік кеңесінің баспасөз мәслихатында айтылды.

Xinhua агенттігінің мәліметінше, әскери парадқа жаяу шерулер, әскери техника колонналары мен әуе эшелондары қатысады.

Парад барысында Қытай жаңа үлгідегі әскери күштерді, соның ішінде зияткерлік ұшқышсыз техниканы таныстырады.

Қытай Коммунистік партиясының Орталық комитетінің бас хатшысы Си Цзиньпин сөз сөйлейді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары