Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың үлкен қызы Айшат Қадырова 17 жастағы інісі Адам Қадыровтың жуырда үйленетінін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Айшат Қадырова бұл қуанышты жаңалықты Instagram-парақшасында бөлісті.
"Інім Адам үйленгелі жатыр", - деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Айшат Қадырованың айтуынша, бұл - Адамның алғашқы некесі.
"Қалыңдықтың есімі - Медни. Ол біздің ауылдан. Өкінішке қарай, тойды еш жерден көре алмайсыздар. Біз той видеоларын жарияламаймыз. Бұл - ата-анамыздың қалауы. Үйлену тойы отбасылық шаңырақта, туған ауылда өтеді", - деп жазды Айшат.