Өскемен қаласында аулада тұрған көліктерді қасақана соққан жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Бұзақы 31 жастағы өңір тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеу жұмыстары жүргізілуде», – деп хабарлады Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде жеңіл көлік жүргізушісінің тұрақтағы көліктерді әдейі соғып жатқан видеосы тараған болатын. Қолданушылар оның есірткі әсерінде болғанын болжады.
Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда.