Теннисші Анна Данилина Истборндағы турнирдің 1/8 финалында жеңіске жетті

/
Теннисші Анна Данилина Истборндағы турнирдің 1/8 финалында жеңіске жетті
olympic.kz

Қазақстан құрамасының теннисшісі Анна Данилина Ұлыбританияның Истборн қаласында өтіп жатқан ірі турнирдің 1/8 финалында жеңіске жетті. Енді ол жартылай финалға шығу үшін бақ сынайды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Данилина бұл жарыста жұптық сында чехиялық Мари Боузковамен бірге өнер көрсетуде.

Ширек финалға шығу үшін өткен матчта олар жапониялық Мию Като мен испаниялық Кристина Букшаның жұбын жеңді.

Кездесу 7:5, 7:6 есебімен аяқталды.

Келесі айналымда Данилина мен Боузкова британиялық Джоди Беррэдж және Сонай Карталмен кездеседі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары