Қазақстандық рейстер Таяу Шығысқа қайта ұшатын болды

/
Қазақстандық рейстер Таяу Шығысқа қайта ұшатын болды
istockphoto.com

Таяу Шығыста атыстың тоқтатылуына байланысты Air Astana әуе компаниясы бұл аймаққа Иран әуе кеңістігін айналып өтіп, рейстерді қайта жалғастырады, деп хабарлайды turkystan.kz.

25 маусымда келесі рейстер орындалады (уақыт жергілікті бойынша көрсетілген):

KC205 Астана – Дубай, сағат 11:00

KC206 Дубай – Астана, сағат 16:40

KC653 Алматы – Доха, сағат 11:00

KC654 Доха – Алматы, сағат 15:05

KC897 Алматы – Дубай, сағат 11:15

KC898 Дубай – Алматы, сағат 16:10

Сондай-ақ, ең үлкен әуе кемесі – Boeing 767 арқылы репатриациялық KC8980 рейсі Дубай – Алматы бағытында сағат 17:40-та орындалады.

Аталған рейстерге билеттер сатылымға ашық.

Рейстер ұшу қауіпсіздігінің жоғары стандарттарына сәйкес орындалатыны атап өтілді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары