Әлеуметік желіде ер адам никаб киген қызды ұрып жатқан сәтінен видео тарады, деп хабарлады turkystan.kz.
Желі қолданушыларының жазуынша, аталған жағдай Атырау қаласы Береке шағын ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде болған.
Ер адамның әйелді ұрып жатқан сәті тұрғын үйдің кіреберісіне орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видеодан ер адамның әйелді бірнеше рет ұрып, басынан тепкенін көруге болады. Әйел соққыдан құлап қалса да, ер адам оны ұрып-соғып, ештеңе болмағандай кетіп қалған.
Полиция департаменті бұл жағдай бойынша әзірге түсініктеме берген жоқ.