Астанада түнгі клубтың төбесінде жалаңаш билеген қыз жұртты ашуландырды (ВИДЕО)

/
Астанада түнгі клубтың төбесінде жалаңаш билеген қыз жұртты ашуландырды (ВИДЕО)
Ғаламтор

Астаналықтар түнгі клубтардың бірінің шатырында ашық-шашық киіммен би билеген қыздың әрекетіне наразы болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әлеуметтік желілерде таралған видео үлкен резонанс тудырды. Қолданушылар бұл оқиға Министрліктер үйінің маңында болғанын айтып, полициядан тексеріс жүргізуді талап етті. Осыған байланысты полиция шара қабылдады.

Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, тыныштықты бұзғаны үшін мекеме әкімшілігі жауапкершілікке тартылып, 25 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде – 98 300 теңге айыппұл салынды.

«Мекеме атына құқықбұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс енгізілді», – деп хабарлады полиция.

Би билеген қыздың жауапкершілікке тартылу мәселесі заңнамаға сәйкес қарастырылып жатқаны да айтылды.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары