Иран АҚШ-тың әскери базасына шабуыл жасады, деп хабарлады turkystan.kz сайты MehrNews агенттігіне сілтеме жасап.
23 маусым күні Сириядағы америкалық әскерилер базасына шабуыл жасалғаны белгілі болды.
Басылымның дереккөзінше, шабуылдың нысанасы — Сирияның Эль-Хасака провинциясының батысындағы Касрак ауданында орналасқан америкалық әскери база болған.
Айта кетейік, 22 маусымда Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады. Ведомство соңғы кездері АҚШ пен Иран арасындағы әскери әрекеттердің салдарынан «біздің өңіріміздегі мемлекеттердің қауіпсіздігіне қатер төндіретін халықаралық жағдайдың күрт нашарлап бара жатқанын» атап өтті.
Сонымен қатар, министрлік Қазақстанның Каспий маңы мемлекеттері тобына кіретінін және Иранмен әртүрлі салаларда ынтымақтастық орнатып келе жатқанын мәлімдеді.