Ұлыбританияда 20 мың мемлекеттік қызметкер қатысқан ауқымды эксперимент көрсеткендей, жасанды интеллект күн сайын орта есеппен 26 минут, ал жылына 18 күнге дейін жұмыс уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды turkystan.kz gov.uk-ге сілтеме жасап.
Шенеуніктер Microsoft 365 Copilot құралдарын, Outlook, Teams, Excel, Word және PowerPoint бағдарламаларын күнделікті тапсырмаларды орындауға қолданған. Олар электронды хат жазып, кесте толтырып, брифингтер мен қорытындылар дайындаған.
Сынақ нәтижесі ЖИ-дің мемлекеттік сектордағы тиімділігін дәлелдеп отыр. Сарапшылардың пікірінше, бұл технология қызметкерлердің өнімділігін арттырып қана қоймай, бюрократиялық рәсімдерді де жеңілдетуі мүмкін.