Сирияның бұрынғы президенті Башар Асадтың немере ағасы Васим Асад бірнеше құқықбұзушылық бойынша айыпталып, ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ТАСС агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы Сирия Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеген.
"Асад Ішкі істер министрлігінің құзырлы құрылымдарының көмегімен Бас барлау басқармасы қызметкерлері жүргізген мұқият жоспарланған арнайы операция барысында ұсталды. Васим Асад есірткі саудасы және бірқатар өзге де қылмыстар бойынша күдікке ілінді", - делінген мәлімдемеде.
extaz.kz
Жарнама
Чокер с узорами от Crazy Handmade, размер 3/5. 6 800 ₸
Доставка бесплатно от 30 000 ₸ за 1 день
Оны ұстау операциясы Сирия мен Ливан шекарасындағы Тель-Каллах аймағында жүргізілген.
2025 жылғы 7 қаңтарда Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Анкарадағы губернаторлармен кездесуде Башар Асадтың 13 жылдық билігі Сирияға 500 миллиард доллар көлемінде шығын әкелгенін айтқан.
Асад 2024 жылдың желтоқсанында көтерілісшілер Дамаскты басып алып, оның режимін құлатқан соң Сириядан қашып кеткен. Қазіргі уақытта бұрынғы президент Мәскеуде, оған және оның отбасына баспана берілген.