"Ешкім қолдамады, бірақ берілмедім": 71 жастағы түрік әже графикалық дизайн мамандығын бітірді

/
"Ешкім қолдамады, бірақ берілмедім": 71 жастағы түрік әже графикалық дизайн мамандығын бітірді
сурет:

Түркиялық Айше Шахин 71 жасында графикалық дизайн мамандығы бойынша диплом алып, үлкен жетістікке қол жеткізді. Ол 69 жасында университетке түсіп, компьютер мен Photoshop бағдарламасын нөлден бастап меңгерген, деп хабарлайды turkystan.kz milliyet.com-ға сілтеме жасап.

Бала күнінде әкесі экономикалық қиындықтарға тап болып, Айше мектепті орта жолда тастауға мәжбүр болған. Кейін екі қыз тәрбиелеп, төрт немере сүйген әже оқуын сырттай аяқтап, ұлттық бірыңғай емтиханнан өтіп, Кютахья Думлупынар университетінің Көркем өнер колледжіне қабылданған.

"Бала кезімнен сурет салуға құмар болдым. Өнерге қызығушылығым бар еді. Сондықтан графика мен дизайнды таңдадым" – дейді ол Anadolu агенттігіне берген сұхбатында.

Айтуынша, жас студенттермен жақсы тіл табысқан.

"Бірде-бір рет сабақтан қалған емеспін. Әр күнім қызықты өтті. Студенттер маған көп көмектесті. Әсіресе компьютерлік пәндерде қиналғанымда қолдау білдірді" – дейді Шахин.

Айшаның айтуынша, үй шаруасымен айналысу оған оқуға кедергі болмаған. Ал күйеуі – сауда саласында еңбек ететін азамат оның білім алуына толықтай қолдау көрсеткен.

27 маусымда Айше Шахин ресми түрде дипломын алады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары