СІМ Иран мен Израильде жүрген қазақстандықтарға үндеу жасады

/
СІМ Иран мен Израильде жүрген қазақстандықтарға үндеу жасады

Таяу Шығыстағы геосаяси жағдайдың ушығуына байланысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Иран мен Израиль аумағында жүрген отандастарға қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға кеңес берді, деп хабарлады turkystan.kz.

Ведомство азаматтарды сақтық пен қырағылық танытуға, жергілікті билік бекіткен тәртіптерді бұлжытпай орындауға және Қазақстанның шетелдегі елшіліктерімен тұрақты байланыста болуға шақырды.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері Тегеран, Тель-Авив, Горган және Бандер-Аббас қалаларында қалыпты режимде жұмыс істеп, қазақстандықтарға барлық қажетті көмекті көрсетіп отыр.

Жедел жағдай туындаған жағдайда азаматтар Сыртқы істер министрлігі мен елшіліктердің байланыс орталықтарына хабарласа алады. Байланыс нөмірлері министрліктің ресми сайтында жарияланған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары