Павел Дуров 12 елде 100-ден астам баласы бар екенін мойындады

/
Павел Дуров 12 елде 100-ден астам баласы бар екенін мойындады
сурет: скриншот tuckercarlson.com

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров француздың Le Point журналына берген сұхбатында өз балалары туралы алғаш рет ашық айтты. 40 жастағы миллиардердің айтуынша, оның 6 ресми баласы бар, бұдан бөлек, 100-ден астам бала донорлық арқылы дүниеге келген.

– Ресми түрде мен 6 баланың әкесімін, олар 3 әйелден туған. Сонымен қатар 12 елде донорлық арқылы 100-ден астам бала дүниеге келді, – деді Дуров.

Ол барлық балаларына тең қарайтынын және олардың қалай дүниеге келгені маңызды емес екенін айтты.

– Мен балаларымды бөлмеймін. Қай тәсілмен дүниеге келгеніне қарамастан, барлығы тең құқыққа ие болады. Мен өмірден өткен соң кейін олар бір-бірімен тартыспасын деймін, – деді кәсіпкер.

Сұхбат барысында Павел Дуров жақында Дубайда кенже ұлы дүниеге келгенін де хабарлады. Алайда ол баланың туу сәтінде қасында бола алмаған, себебі қазіргі уақытта Франциядан шыға алмай отыр. Оның айтуынша, оған қатысты қозғалған қылмыстық іс аясында шектеулер қойылған. Сол себепті сәби әлі күнге дейін құжатсыз.

Павел Дуров белгілі бір қауіп-қатерге байланысты жақында өсиет жазғанын мәлімдеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары