Астанада Тәуелсіздік даңғылының бір бөлігі 25 маусымға дейін жабылады

/
Астанада Тәуелсіздік даңғылының бір бөлігі 25 маусымға дейін жабылады
Ғаламтор

Астанада 20 - 25 маусым аралығында Тәуелсіздік даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады, деп хабарлады қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.

Мұңайтпасов көшесінен бастап Момышұлы даңғылына дейінгі учаскеде жолдың үстіңгі қабатын төсеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты 20 мен 25 маусым аралығында автокөліктердің қозғалысы ішінара шектеледі.

Сонымен қатар көліктердің жүруі екі бағытта да жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.

"Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден өз бағыттарын алдын ала жоспарлап, қозғалысты ұйымдастырудағы мүмкін өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады", – деп қосты ведомство.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары