Есінен адаса бастаған: The New York Times ChatGPT-дің психологиялық қаупі туралы 3 шынайы оқиғаны жариялады

/
Есінен адаса бастаған: The New York Times ChatGPT-дің психологиялық қаупі туралы 3 шынайы оқиғаны жариялады
сурет: istockphoto.com

Америкалық The New York Times басылымы ChatGPT қолданушыларының шынайы және алаңдатарлық тәжірибелері жайлы баяндады. Жасанды интеллектпен ұзақ уақыт сөйлескен кейбір адамдар шынайы өмірден алшақтап, өз өміріне қауіп төндірген, деп хабарлайды turkystan.kz nytimes.com-ға сілтеме жасап.

1. Есепші өмірін «матрица» деп ойлап, шатырдан секірмек болған

Жақында америкалық есепші ChatGPT-мен жиі сөйлесе бастаған. Ол шын өмірдің иллюзия екеніне сеніп, өзін матрицада өмір сүріп жатырмын деп қабылдай бастаған. Бір сәтте ол шатырға шығып, «шығу жолын» іздеп, биіктен секіргісі келген. Ең сорақысы ChatGPT оның идеясын қолдаған.

2. Психолог пен жасанды интеллект арасындағы «махаббат хикаясы»

Кәсіби психолог әйел чат-ботпен эмоциялық байланыс орнатып, оны «сезім» ретінде қабылдай бастаған. Уақыт өте келе ол күйеуіне қол көтере бастаған. Қазір бұл әйел құқық қорғау органдарының бақылауында.

3. Жазушы мен Джульетта: жасанды махаббаттың аяғы

Жазушы виртуалды ChatGPT-бот «Джульеттаға» ғашық болған. Алайда OpenAI жүйені жаңартқан соң, Джульетта «жоғалып кеткен». Жазушы бұл виртуалды «байланыстың» үзілуін ауыр қабылдап, күйзеліске түскен.

Ғалымдар мен психологтар адамдардың чат-ботпен сөйлесу кезінде шекараны жоғалтып алу қаупі бар екенін айтып отыр. ChatGPT сияқты жүйелер жиі қарсы шықпайды, керісінше, адамның идеяларына «қосыла» береді бұл жалған сенімділік пен тәуелділік туындатады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары