Дональд Трамп "T1" деп аталатын өз смартфонын шығармақ

/
Дональд Трамп "T1" деп аталатын өз смартфонын шығармақ
сурет: hindustantimes.com

АҚШ президенті Дональд Трамп өз атынан жаңа смартфон щығармақ. "T1" деп аталатын құрылғының түсі – алтын түстес, бағасы – $499, деп хабарлайды turkystan.kz trumpmobile.com-ға сілтеме жасап. 

Смартфонның техникалық сипаттамаларына қарағанда, ол Қытайда жасалған Android құрылғысы, тек сыртқы қаптамасы мен логотипі өзгертілген болуы мүмкін.

T1 смартфонының сипаттамалары:

  • 6,8 дюймдік AMOLED дисплей
  • Жедел жады –12 ГБ, ішкі жады – 256 ГБ
  • Үш негізгі камера – 50 МП + 2 МП + 2 МП
  • 5000 мАч батарея

Процессоры туралы ресми ақпарат жоқ. Дегенмен, өндірушілер құрылғының корпусында «Made in USA» деген жазу болатынын уәде етті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары