Қазақстан мен Қытай билігі үкіметаралық және ведомствоаралық 24 құжатқа қол қойды

/
Қазақстан мен Қытай билігі үкіметаралық және ведомствоаралық 24 құжатқа қол қойды
Сурет: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин жүргізген келіссөз нәтижесінде 24 үкіметаралық және ведомствоаралық құжатқа қол қойылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Екі ел делегациясының мүшелері энергетика, аэроғарыш, цифрландыру, кеден, ауыл шаруашылығы, электронды сауда, туризм, зияткерлік меншік, медицина, медиа, ғылым, өңіраралық байланыс салаларындағы ынтымақтастықты қамтитын құжаттармен алмасты.

Олардың ішінде инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау, техникалық-экономикалық ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімдер бар.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары