Ризабек Айтмұхан мен Елдос Сметовтің бапкерлері мықты болса тағы чемпион баптап шығарсын – Ермек Байдуашев

Ризабек Айтмұхан мен Елдос Сметовтің бапкерлері мықты болса тағы чемпион баптап шығарсын – Ермек Байдуашев
видеодан скриншот

Еркін күрестен Азия ойындарының қола жүлдегері Ермек Байдуашев Ризабек Айтмұхан мен Елдос Сметовтің жеке бапкерлері тағы шәкірт тәрбиелесе деген ойын жеткізді.

Бұл туралы ол Aqyrys Seitqazy YouTube арнасында тілге тиек етті.

«Ризабектің бапкерлері мықтымын деп жүр ғой. Мықты болса кездейсоқтық деп санамаса, тағы біреуін дайындау керек. Сөз жоқ, мықты бапкер. Олардан да мен керек нәрсені алып тұрамын. Мықты бапкер. Бірақ егер Ризабектің артынан біреуді дайындамаса мен үшін Риабек кездейсоқ шықты. Кездейсоқ емес, еңбек бар ғой. Өз дарынымен шықты. Палуанға оң-солы жоқ дегендей, егер ол мықты бапкер болатын болса «Ризабек кетсе кете берсін, басқа Ризабек қайта шығарамын» деу керек. Елдос Сметовті алайық. Елдостың бапкері сөз жоқ мықты. Үш Олимпиаданы бағындырды. Елдостан басқа кім бар? Жоқ. Елдостан басқа Олимпиадаға қатысушы бар ма?

Болгарияда бір мықты бапкерді білемін. Ресейде де бар. Мықты бапкер деп айтады. Анализ аламын, қарасам расымен мықты. Олимпиада чемпионы, жүлдегер, Олимпиадаға қатысушы дайындаған кемі. Бірінің артынан бірі шәкірттері бар.

Ад бізде мықты бапкер дейді, шәкіртін санайын десең біреу-ақ», – дейді Е.Байдуашев.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары