Аяқ тырнағы денсаулығыңыз туралы не айтады? – Назар аудару қажет 4 белгі

/
Аяқ тырнағы денсаулығыңыз туралы не айтады? – Назар аудару қажет 4 белгі
сурет: istockphoto.com

Күнделікті өмірде аяқ тырнағына аса мән бермеуіміз мүмкін. Алайда олар денсаулықтағы маңызды өзгерістерді білдіретін белгілерді көрсете алады деп хабарлайды turkystan.kz dailymail.com-ға сілтеме жасап.

LloydsPharmacy Online Doctor-дың фармацевт-прескрайбері Шина Багганың айтуынша, тырнақтың түсі, құрылымы мен күйіне назар аудару инфекциялардан бастап, қант диабеті мен қатерлі ісікке дейінгі түрлі мәселелерді ерте анықтауға көмектеседі.

«Аяқ тырнағы мен табан денсаулықтың айнасы іспетті. Олар жиі ескерусіз қалса да, олардың жағдайы көптеген ауруларды ерте анықтауға мүмкіндік береді», — дейді маман.

1. Сарғаю

Бұл тырнақ инфекциясының белгісі болуы мүмкін. Тырнақ сары түске боялып, қалыңдап, үгілгіш болады. Сонымен қатар, бұл тырнақ псориазының белгісі болуы да ықтимал.

Алдын алу жолы: Тырнақты алып жүру әрі таза ұстау, күнделікті таза шұлық кию, аяқты қыспайтын аяқ киім таңдау.

2. Тырнақтағы қара сызықтар

Мұндай сызықтар «меланонихия» деп аталады. Бұл тырнақ бойымен қара немесе қоңыр жолақ түрінде көрінеді. Көп жағдайда бұл пигментацияның табиғи ерекшелігі, бірақ кейде бұл тырнақ астындағы қатерлі ісіктің (Subungual Melanoma) белгісі болуы мүмкін.

Кеңес: Тырнақты барынша жарақаттап алмауға тырысу және гигиенаны сақтау.

3. Башпайдың ісінуі

Мұның себебі лимфа айналымының бұзылуы, қанайналым әлсіздігі немесе подагра болуы мүмкін. Подагра – буындарда несеп қышқылы кристалдарының жиналуынан пайда болатын қабыну ауруы. Әдетте ол артық салмағы бар адамдарда жиі кездеседі.

Кеңес: Дұрыс тамақтану мен салмақты бақылау, сондай-ақ қозғалыс пен дене белсенділігі бұл жағдайдың алдын алуға көмектеседі.

4. Ақ тырнақтар

Кішкентай ақ сызықтар немесе дақтар көбіне жарақаттан (мысалы, саусақты ұрып алу) пайда болады. Алайда бұл кей жағдайда ақуыз, мырыш немесе темір тапшылығын білдіруі мүмкін.

Толығымен ақ түсті тырнақтар сирек кездеседі, бірақ олар басқа ағза жүйелеріндегі елеулі дерттердің (мысалы, бауыр циррозы, гипертиреоз немесе қант диабеті) белгісі болуы ықтимал.

Жалпы кеңестер:

Шина Багга тырнақ пен аяқ денсаулығын сақтау үшін мына кеңестерді ұсынады:

  • Дұрыс тамақтану
  • Көп қозғалу және ұзақ отырмау
  • Гигиенаны сақтау: тырнақты алып жүру
  • Ыңғайлы аяқ киім кию
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары