Израиль қорғаныс күштері ирандықтарға үндеу жасады

/
Израиль қорғаныс күштері ирандықтарға үндеу жасады
istockphoto

Израиль қорғаныс күштері Иран тұрғындарына әскери инфрақұрылымға жақын орналасқан аймақтардан шұғыл түрде кету қажет екенін ескертті, деп хабарлайды ЦАХАЛ-ға сілтеме жасаған turkystan.kz.

Израиль қорғаныс күштері ирандықтарға X әлеуметтік желісінде парсы тілінде әскери нысандардың айналасындағы аумақтардан кету керектігін ескертті. Бұл мәлімдемені олар әскери қару-жарақ зауыттарында немесе оларға жақын жерде және оларды қолдау объектілерінде орналасқан адамдарға жасап отыр.

Олар барлығын дереу аймақты тастап, келесі хабарландыруға дейін қайтып оралмауға шақырды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары