Ақмола облысында екі жеңіл көлік пен жылқы соқтығысты. Қақтығыстан кейін көліктің бірі өртеніп кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.
Әлеуметтік желілерде апат орнынан түсірілген бейнежазбалар жарияланды. Кадрларда отқа оранып жатқан көлікті көруге болады.
Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 маусым күні Астана – Ерейментау – Шідерті автожолының 153-шақырымында Kia Rio және Subaru Forester маркалы автокөліктер мен жылқының қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алған.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан Kia Rio көлігінің екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, ал Kia Rio жүргізушісі мен Subaru Forester көлігінің жүргізушісі және жолаушысы әртүрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді», – деп хабарлады полиция өкілдері.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.