120-дан астам рейске тегін мінген: 6 жыл бойы әуекомпанияларды алдап келген ер адам ұсталды

/
120-дан астам рейске тегін мінген: 6 жыл бойы әуекомпанияларды алдап келген ер адам ұсталды
сурет: istockphoto.com

АҚШ-тың 35 жастағы тұрғыны Тирон Александр 2018 жылдан 2024 жылға дейін өзін 7 әуе компаниясында жұмыс істейтін бортсерік ретінде таныстырып, 120-дан астам рейске билетсіз мінген. Ол ішкі жүйелер арқылы тегін билеттерді брондап, жалған қызметке қабылданған күндер мен қызметтік бейдж нөмірлерін енгізіп отырған. Сонымен қатар, ол бортсеріктердің формасын киіп, әуе кемесіне еркін кірген, деп хабарлайды turkystan.kz АҚШ Флорида сотының ресми мәліметіне сілтеме жасап. 

Сот құжаттары мен тыңдалым кезінде ұсынылған дәлелдерге сәйкес, Александр тек бір әуе компаниясында 34 рейске билет алып, ешқандай ақша төлеместен ұшқан. Ол бортсерік не ұшқыш ретінде тіркеліп, жұмыс беруші, қызметке тұрған күні мен бейдж нөмірі сияқты жалған ақпараттар көрсеткен.

Тергеу барысында Александрдың жеті түрлі әуе компаниясында 30-ға жуық жалған бейдж және қызметке орналасу күндерін көрсеткені анықталды. Сондай-ақ, ол тағы үш басқа компанияда да өзін бортсерік ретінде көрсеткен.

Нәтижесінде, Тирон Александрдың 120-дан астам рейске жалған жолмен мінгені дәлелденіп, федералды алқабилер оны алаяқтық пен әуежайдың қорғалған аймағына жалған сылтаумен кіру бабы бойынша айыпты деп таныды. Енді ол 30 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары