Әкімнің балалары қызғалдақ жұлды: Сот әкімді жазаламайтын болды

/
Әкімнің балалары қызғалдақ жұлды: Сот әкімді жазаламайтын болды
instagram.com/kokshe_city_03/

Ақтөбе облысында тұрғынның қызғалдақтарды жұлу фактісі бойынша іс тоқтатылды. Бұған дейін бұл Ақтөбе облысы Құдайберген Жұбанов атындағы округтің әкімі Ляззат Бердібаева екені хабарланған еді, деп жазады turkystan.kz.

Қызыл кітапқа енген қызғалдақтарды балалардың жұлу фактісі бойынша істі Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады.

Анықталғандай, 21 сәуір күні түсте азаматша Б. отбасымен бірге Қандыағаш – Жұрын автожолының бойында табиғат аясында демалған.

«Сол кезде оның кәмелетке толмаған балалары 10-15 түп қызғалдақ жұлып, аналарына сыйлаған. Осылайша, Б. балалардың әрекеттерін қадағаламай, оларға бұл өсімдіктерді жұлуға тыйым салынғанын ескертпеген», – делінген сот хабарламасында.

Сот қызғалдақтардың түрі мен сортын анықтау үшін ботаникалық-сараптамалық зерттеу тағайындап, құқық бұзушылық жасалған орынды қарап шығу мақсатында көшпелі сот отырысын ұйымдастырған.

«Сот қаулысымен іс жүргізу азаматша Б.-ның әрекеттерінде әкімшілік құқық бұзушылық құрамы болмағандықтан тоқтатылды. Себебі құқық бұзушылық орын алған нақты жер анықталмаған, деректер уақтылы жиналмаған, келтірілген залалдың мөлшері анықталмаған, осылайша істі дұрыс шешуге қажет құжаттар жиналмаған және құқық бұзушылық фактісін растайтын дәлелдер жеткіліксіз», – делінген хабарламада.

Ақтөбе облысының полиция департаментіне заңбұзушылықты анықтау, сондай-ақ оны болдырмау себептерін анықтау үшін жеке қаулы жолданды.

Бұған дейін әкімге 39 320 теңге көлемінде айыппұл салынған болатын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары