Бүгін танымал әнші Ерке Есмахан үшінші сәбиін дүниеге әкелген еді. Дүние есігін ашқан сәбиге айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева кіндік шеше болды, деп жазады turkystan.kz.
«Кіндік балам мен Алматыға келген күні дүниеге келді. “Мені күтіп жатқан ғой” деп әзілдегенім рас... Әкесі — дүлдүл, анасы — бұлбұл, кіндік шешесі — ақын. Өзі — Батыр. Қазаққа жақын ұл туып жатыр... Әр шаңыраққа осындай Батыр тіледім», – деп жазды Айнұр Тұрсынбаева желідегі парақшасында.
Желі қолданушылары әнші жұпқа бауы берік болсын айтып, ақ тілектерін жеткізіп жатыр.