Алматыда көшедегі жанжал видеоға түсіп қалды: Бірнеше адам ұсталды

/
Алматыда көшедегі жанжал видеоға түсіп қалды: Бірнеше адам ұсталды

11 маусымда Алматы қаласының орталығында қоғамдық тәртіп бұзылғаны туралы полицияға хабар түсті. Оқиға орнына барған полицейлер бірнеше ер адамның мас күйінде агрессия көрсеткенін анықтады, деп хабарлады turkystan.kz.

Instagram желісінде тараған видеода жеңіл көліктен түскен ер адамдар бір мекеменің кіреберісінде таныстарымен кездесіп, сол маңдағы ақ түсті шетелдік автокөліктен шыққан тағы бір топ адаммен сөзге келіп, жанжал туындайды. Жанжалға полицейлер араласып, бір адамның қызметкерді итеруі салдарынан оны және басқа қатысушыларды ұстады. Видеода жерге түскен пышаққа ұқсас зат та көрінеді.

Ұсталғандар Алмалы аудандық Полиция басқармасына жеткізілді. Полиция департаменті қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында шаралар жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары