Астанада 90 млн теңгеге жуық қаражатты жымқырған есепші 7 жылға сотталды

/
Астанада 90 млн теңгеге жуық қаражатты жымқырған есепші 7 жылға сотталды
Фото: ЖИ

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты қызмет бабын пайдалана отырып, аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған қаражатты иемденіп алған К.-ға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Соттың мәліметінше, К. бас есепші қызметін атқара отырып, есептік жүйеге қол жеткізу мүмкіндігін пайдаланып, өзіне тиесілі жеке кәсіпкерліктің шотына 89,7 млн теңге көлеміндегі ақшалай қаражатты заңсыз аударған. Соның салдарынан материалдық залал келтірілген.

Сот кінәні мойындау мен жасаған ісіне өкінуді, сондай-ақ қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, К.-ны 7 жылға бас бостандығынан айыруға және материалдық жауапкершілікке байланысты лауазымдарды атқару құқығынан 10 жыл мерзімге айыруға үкім етті.

Жәбірленушінің азаматтық талабы қанағаттандырылды. Сотталғаннан 89,7 млн теңге мөлшерінде материалдық залал өндірілді.

▪Сондай-ақ сот ішкі қаржылық бақылауды ұйымдастыруда анықталған кемшіліктерге байланысты ұйым басшылығының атына жеке қаулы шығарды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары