Президент Әлем кубогі кезеңінде жеңімпаз атанған қазақстандық семсерлесушілерді құттықтады

/
Президент Әлем кубогі кезеңінде жеңімпаз атанған қазақстандық семсерлесушілерді құттықтады
Спорт комитеті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Касабланкада өтіп жатқан семсерлесуден Әлем кубогі кезеңінің жеңімпазы атанған Қазақстан құрамасын құттықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Президент кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді.

Осы жеңістің нәтижесінде спортшыларымыз Халықаралық семсерлесу федерациясының (FIE) рейтингінде алғаш рет бірінші орынға шықты.

Қасым-Жомарт Тоқаев спортшылар әлемнің ең айтулы додаларында Қазақстанның көк туын желбірете беруіне тілектес екенін білдірді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары