«Ұсақ-түйек пе? Бұл – құрметсіздік!» – Асхат Тағыбергеннің әйелі

/
«Ұсақ-түйек пе? Бұл – құрметсіздік!» – Асхат Тағыбергеннің әйелі

Ұлттық құрамадағы мансабын аяқтаған футболшы Асхат Тағыбергеннің жары Махаббат Тағыберген күйеуінің шешіміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлады turkystan.kz.

«Жеңістен кейін емес, жеңілістен соң кету туралы шешім қабылдау — бұл шынайылық, бұл нағыз ерлік. Күйеуім, Қазақстан құрамасының капитаны, жүрегімен сезіп, ақылымен қабылдап, осы шешімді өзі қабылдады. Ол рекорд қуған жоқ, “әдемі қоштасу” іздеген жоқ. Жүрек «болды!» дегенде, ол тыңдай білді. Құрама — біз үшін жай ғана команда емес. Бұл — жанын беруге дайын нағыз кәсіби ойыншылар. Асхат соңғы сәтке дейін барын салды: жүрегімен, денесімен, жан-тәнімен. Бірақ кез келген мықты адамның да бір күні күші таусылады. Ол бұл шешімді сұлулық үшін емес, шындық үшін қабылдады. Себебі уақыты келді», - деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Сондай-ақ футболшының әйелі матчты тамашалуға келгенде әдеттегі орындарына отырғызбай қойғанын айтқан.

«Кешегі матчта көп нәрсе айтылмай-ақ түсінікті болды. Біз — футболшының отбасын әдеттегі орындарымызда отырғызбады. «Болмайды! Рұқсат жоқ!» деген шешім қабылданыпты. Ойыннан соң Асхат бізді таба алмады. Біз оған жете алмадық. Мен тек оның қоңырауын күтіп отырдым — ішке кіріп, құшақтап, «сен — біздің капитансың» дегім келді. Бірақ бұған мүмкіндік болмады. Ұсақ-түйек пе? Мүмкін. Бірақ капитан үшін — оның жанында отбасысы жоқ болса, бұл — құрметсіздік! Бүгін Асхат қоштасып жатыр. Иә, бұл жеңісті сәт емес. Бірақ бұл — абыройлы шешім. Шындықпен, намыспен қабылданған. Ол ешқашан марапат не атақ үшін ойнаған жоқ. Ол отбасы, команда, ел үшін ойнады. Және солай кетіп бара жатыр — жүрегі «жетеді» деген кезде. Рақмет, Капитан. Рақмет, жан жарым. Оны жақсы көрген, бағалаған барша жанкүйерлерге алғыс», – делінген жазбада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары