Бүгін футболдан Қазақстан командасының капитаны Асхат Тағыберген ұлттық құрама сапында соңғы ойынын өткізді, деп хабарлады turkystan.kz.
«2014 жылдан бастап ел намысын қорғап, әрбір ойында барын салған Асхат – тек мықты футболшы ғана емес, ұрпаққа үлгі болар нағыз патриот. Оның жанкештілігі, сабырлылығы мен еңбекқорлығы жас ойыншыларға жол көрсетіп кетті. Ұлттық құрамадағы жолы аяқталса да, оның есімі жанкүйерлер жүрегінде мәңгі сақталады. Сенің есімің қазақ футболының тарихында алтын әріптермен жазылады», - делінген Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі тарақтан хабарламада.
Асхат Тағыберген ұлттық құрама сапындағы мансабын аяқтады (ВИДЕО)
