Торғай өзенінен суға батып кеткен жасөспірім табылды

/
Торғай өзенінен суға батып кеткен жасөспірім табылды
Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті

Ол 5 маусым күні Ырғыз ауданына қарасты Мамыр ауылында жоғалып кеткен болатын. Тек бүгін, 9 маусымда, құтқарушылар оның денесін тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алдын-ала мәлімет бойынша, 2009 жылы туған бала суға құлап, Торғай өзенінің жанындағы су басқан аумақта батып кеткен. Оны бірнеше күн бойы іздеген.

«Іздеу жұмыстары ауа-райының қолайсыздығына байланысты қиынға соқты — қатты жел, ағыс, судың лайлығы және түбінің нашар көрінуі кедергі болды. Ең басты қиындықтар – судың ағысы мен лайлығы», – деп хабарлады ТЖД.

Іздеу барысында су астындағы дрон қолданылды. Барлығы ТЖД, ПД және басқа да мекемелерден 42 адам тартылды.

ТЖД су айдындарында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары