Ақтөбе тұрғындарын алдап, 10 млн теңге алған блогер қамалды

/
Ақтөбе тұрғындарын алдап, 10 млн теңге алған блогер қамалды
istockphoto.com

Ақтөбе облысында азаматтарды алдаған жалған блогер қамауға алынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мұғалжар аудандық полиция бөліміне бірнеше жергілікті тұрғын алаяқтық фактісі бойынша арызданған.

Тексеру нәтижесінде 2024 жылдың соңында өзін блогер ретінде көрсеткен аудан орталығының 35 жастағы тұрғыны төрт азаматты алдап, ақшасын иемденгені анықталды.

Күдікті жәбірленушілердің біріне — балабақшаға жұмысқа орналастыруды, екіншісіне — жүргізуші куәлігін алуға жәрдемдесуді, сондай-ақ тендерді жеңіп беруді уәде еткен.

Төрт жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын 10 миллион теңгеден асты.

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу  амалдары жүргізілуде.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары