Ашулы жүргізуші жолда әйелге балағат сөздер айтып, дубинкамен қорқытқан

/
Ашулы жүргізуші жолда әйелге балағат сөздер айтып, дубинкамен қорқытқан

Оқиға 3 маусым күні Қырғыз Республикасының Бішкек қаласында шамамен сағат 20:45-те Ахунбаев пен Баха көшелерінің қиылысында болған, деп хабарлады turkystan.kz.

Әйел адамның айтуынша, ол Ахунбаев көшесінен солтүстік бағытта Баха көшесіне бұрылмақ болған. Бұрылысқа жеткенде алдында тұрған жол талғамайтын көлік қозғалыссыз тұрғандықтан, ол белгі беріп, сигнал берген. Алайда жүргізуші жауап ретінде айқайлап, әйелге балағат сөздер айтқан.

Жәбірленушінің айтуынша, біраз уақыттан кейін Баха мен Гагарин көшелерінің қиылысында әлгі ер адам оның көлігін қуып жетіп, алдын кес-кестеп тоқтатқан. Көліктен түсіп, телескопиялық дубинкамен қорқыта бастаған.

— Ұрып жіберуі мүмкін деп қорқып, көліктен түскен жоқпын. Ол мені балағаттап, дубинкамен сес көрсетті, — дейді әйел.

Одан кейін ер адам басқа жүргізушілер мен жәбірленушіге кедергі келтіріп, жол апатына себеп бола жаздап, оқиға орнынан кетіп қалған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары