Алматыда түнгі клуб басшысы қол астындағы қызметкеріне зорлық көрсеткен

/
Алматыда түнгі клуб басшысы қол астындағы қызметкеріне зорлық көрсеткен
istockphoto.com

Алматыда түнгі мекеменің 29 жастағы басшысы қызметкерін зорлады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг нәтижесінде өзін Елисей деп таныстырған азаматтың қаладағы түнгі клубтардың бірінде зорлық-зомбылық фактісі болғанын айтқан видеожазбасы анықталды. Аталған факті бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Жедел-іздестіру шаралары барысында жәбірленушінің жеке тұлғасы анықталып, ол полицияға арызбен жүгінді. Күдікті – көрсетілген мекеменің 29 жастағы басшысы ұсталды», – делінген хабарламада.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.

«Тергеу барысында күдіктінің әрекетіне, оның ішінде айтылған жағдайларды ескере отырып, құқықтық баға беріледі», – деді Алматы қалалық ПД өкілдері.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары