«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» лауазымды тұлғасы 400 млн теңге жымқырған

/
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» лауазымды тұлғасы 400 млн теңге жымқырған
istockphoto.com

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары әшкереленді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол денсаулық сақтау субъектісіне халыққа медициналық қызмет көрсету үшін бөлінген 400 млн теңгеден астам қаражатты жүйелі түрде ұрлады деген күдікке ілінді.

Жымқыру медициналық ұйымның «Damumed» ақпараттық жүйесіне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде Өскемен қаласының тұрғындарына көрсетілген қызметтер туралы көрінеу жалған мәліметтер енгізу жолымен жасалған.

Іс жүзінде медициналық қызметтер көрсетілмеген, отыз мыңнан астам «тіркеулер» анықталды.

Сонымен қатар, ол жеке медициналық мекеменің кәсіпкерлік қызметіне заңсыз қатысып, Қордың жымқырған қаражатын, оның ішінде қымбат мүлікті сатып алу арқылы заңдастырды деп күдіктенеді.

Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда, шенеунік пен басқа адамдардың басқа қылмыстық эпизодтарға қатысуы тексеріледі. 

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары