Атырауда 33 жастағы видеоблогер мен 39 жастағы қала тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды6, – деп хабарлайды turkystan.kz.
Олар жеке кәсіпкерден 2 миллион теңге қорқытып алды деген күдікке ілінді. Сондай-ақ тінту шаралары кезінде полиция қызметкеріне күш қолданған.
Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты қорқытып алу және билік өкіліне күш көрсету әрекеттері бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.