Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданына қарасты Краснокаменка ауылында найзағай жекеменшік тұрғын үйдің шатырына түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Разряд салдарынан өрт шыққан: залдағы керме төбе мен жиһаз өртенген. Өрттің жалпы аумағы 20 шаршы метрді құрады.
СҚО ТЖД мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндірушілер жалынды жедел түрде сөндіріп, оның одан әрі таралуына жол бермеді.
ТЖД құтқарушылары бұл жағдай найзағайдың бір-ақ соққысы да үлкен өртке себеп болуы мүмкін екенін еске салады дейді. Найзағай кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау маңызды: терезелердің, ағаштардың және металл құрылымдардың жанында тұрмау керек.