Футболшы Нұрәлі Әліптің алғашқы бапкері болған маман 7 жылға сотталды

/
Футболшы Нұрәлі Әліптің алғашқы бапкері болған маман 7 жылға сотталды
ашық дереккөзден

«Каспийдің» бұрынғы директоры Ержан Жамбыровқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды turkystan.kz aladop.kz-ке сілтеме жасап.

Сондай-ақ, клубтың бірнеше бұрынғы қызметкері де қылмыстық жауапқа тартылды. Іс материалдарына сәйкес, 2023- жылдың қаңтарынан сәуіріне дейін «Каспий» клубының есепшотынан заңсыз түрде 20 279 100 теңге шешілген. Бұл қаражаттың клубтың бас менеджері Данияр Боранбаевтың жеке шотына тиісті құжаттарсыз аударылғандығы анықталған. Тергеу дерегі бойынша, бұл соманың 11 900 000 теңгесін Жамбыров, ал қалғанын Д. Боранбаев иемденген.

Сөйтіп, сот шешімімен Ержан Жамбыровтың үш серіктесіне 4 жылға бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, ал басты айыпталушының өзі 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде өтейді.

Еске сала кетейік, Ержан Жамбыров 2009-2015 жылдары «Каспий» футбол орталығының 1999 жылғы жасөспірімдер командасының бас бапкері қызметін атқарған. Одан кейін Қазақстан  велоспорт федерациясында менеджер қызметінде еңбек етті. Сосын «Астана» клубында селекционер, Көкшетаудың «Оқжетпес» клубында спорттық директор ретінде карьерасын жалғастырған. 2021 жылы «Каспий» футзал командасында, содан соң  «Каспий» футбол клубында директор болды.

Ол Ресейдің «Зенит» және Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліптің алғашқы бапкері болған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары