Светлана Айтбаева жас аналарға Димаш Құдайбергеннің арнайы қолтаңбасы бар сыйлықтарды тарту етті

/
Светлана Айтбаева жас аналарға Димаш Құдайбергеннің арнайы қолтаңбасы бар сыйлықтарды тарту етті
Мәдениет және ақпарат министрлігі

Мәдениет және ақпарат министрлігі өкілдері мен Светлана Айтбаева бастаған топ Астанадағы №3 перинаталдық орталыққа барып, жас аналарға сыйлық тарту етті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мемлекеттік рәміздер күніне орай өткен іс-шараға министрлік өкілдері және ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, белгілі әнші Светлана Айтбаева арнайы қатысты.

Мереке күні өмірге келген сәбилер мен олардың аналарына ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева атынан құттықтау хаттары мен сыйлықтар табысталды.

Светлана Айтбаева әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің арнайы қолтаңбасы бар сыйлықтарды да тарту етті. Жас аналарға жылы лебіздерін жеткізіп, сәбилерге ұзақ ғұмыр тіледі.

Іс-шараның негізгі мақсаты рәміздер күнінің маңызын ұғындыра отырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, жас ұрпаққа рухани тәрбие беру, отбасылық құндылықтар мен жаңа өмірдің бастауын елдік мүддемен байланыстыру болды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары