Димаш Құдайберген Лондонда Лара Фабианмен бірге ән айтты

/
Димаш Құдайберген Лондонда Лара Фабианмен бірге ән айтты

2025 жылғы 3 маусымда Лондонда орналасқан OVO Arena Wembley алаңында әлемге әйгілі әнші Лара Фабианның Voices әлемдік туры аясындағы жеке концерті өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әлемге әйгілі культті композициялардың бірі – Adagio әнін Лара Димаш Құдайбергенмен бірге орындады.

«Мен өз өмірімде естіген ең әсерлі, ең керемет, ең қуатты, тіпті жат планеталық дауыстардың бірі. Оның бүгін бізбен бірге болып, ең күрделі әндердің бірін орындауы – нағыз сыйлық», – деп таныстырды Лара Димашты.

Димаш Лара Фабианды ғажайып концертімен құттықтап, оған үлкен алқызыл раушан гүлдерінің шоғын сыйлады.

«Осында болу және барлық уақыттың ұлы әншісі – Лара Фабианмен бірге өнер көрсету мен үшін үлкен мәртебе», – деп алғысын білдірді Димаш кеш иесіне.

Димаш пен Лара Фабианның ортақ шығармашылық тарихы дәл осы әннен – Adagio композициясынан басталды. Қытайдың Singer жобасындағы турлардың бірінде Димаш бұл әнді орындап, көрермендердің зор ықыласына бөленіп, сол турда бірінші орынды иеленді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары