5-7 маусым аралығында Қазақстан аумағына солтүстік-батыстан тағы бір циклон келеді. Ауа-райы күрт өзгеріп, жауын-шашын болып, найзағай ойнап, бұршақ жауып, күн суытады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанда тұрақты жазғы жылу әлі байқалмай отыр. Бұған себеп — республика аумағы арқылы үнемі өтіп жатқан циклондар. Олармен бірге атмосфералық фронттар келіп, ауа райының тұрақсыз болуына әсер етеді.
«Ыстық жаз орнай алмай тұр. Қазақстан аумағы арқылы бірінен соң бірі циклондар өтіп, жауын-шашын мен температураның төмендеуін туындатып жатыр», — деп хабарлады «Қазгидромет» мамандары.
Елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, нөсер жауады. Қатты жауын-шашын болған өңірлерде бұршақ жаууы мүмкін.