Желіде Мақпал Жүнісованың қызы Мерей Заманбекқызы жайлы айтқан видеосы тарады. Әнші бала асырап алу идеясы марқұм жұбайы Заманбек Нұрқаділовтің ұсынысы екенін айтты, деп жазады turkystan.kz.
«Маған бауырдың баласы ауыр болған жоқ. Мен оны аламын деп те ойлаған жоқпын ғой. Ол баланы жоспарлап, біз алуымыз керек деген ойда да болмаған. Келін екі қыз туған ғой. Мына қыз туғанда бауырым келініме «Төркініңе кет, тағы да қыз тудың» деген ғой. Сол кезде мен ашуланып сол әңгімені Зәкеңе айттым. Құдай бізге бала бермей жатқанда тағы қыз тудың деген не әңгіме деп. Сол кезде Зәкең «Есің дұрыс па? Осы сәтті пайдаланып қалайық. Сен де бақытты болшы» деп, бірден ұшып барып, ана қызды алып кетті ғой. Аңдып отырып, осы баланы мен алам деді. Идея менікі емес. Мүмкін арамыз алыстап бара жатқан соң солай жасаған шығар. Сол уақыттарда мен де шаршадым. Бала жоқ. Зәкең шындықты айтам деп айғай, шабуылмен жүрді. Сол кезде бір бала жүгіріп жүрсе екен деп армандадым», - дейді Мақпал Жүнісова.