Маңғыстау облысының прокуратурасы мүліктік табыстан 218 миллион теңге көлемінде салық төлеуден жалтару фактісін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Салық кодекстің 330-бабына сәйкес, жеке тұлғаның салық салынатын мүліктік кірісіне Қазақстан Республикасындағы мүлікті өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кіріс жатады.
Алайда заң талаптары мен салық органы жолдаған хабарламаларға қарамастан, салық төлеуші салықтық тексеру нәтижесінде есептелген соманы төлеу жөніндегі міндеттемесін орындамаған.
Аталған факті бойынша облыс прокуратурасымен Қылмыстық кодекстің 244-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергелуде.