Ақтөбе облысында екі ер адам су қоймасына батып кетті

/
Ақтөбе облысында екі ер адам су қоймасына батып кетті
pixabay.com

Мұғалжар ауданындағы су қоймасынан екі ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қайтыс болғандардың бірі 60 жаста, екіншісі 35 жаста болған. Ер адамдарды суасты сүңгуірлері Мұғалжар ауданындағы Қырғыз стансасы маңындағы Алталы бөгетінің жағасынан 15 метр қашықтықта, 4 метр тереңдіктен алып шықты.

Бұл мәліметтерді облыстық ТЖД растады. Мамандардың айтуынша, ер адамдар киіммен болған, яғни шомылмаған.

Полиция мәліметінше, олардың денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылмаған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары