Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас әлеуметтік желіде той кезінде түсірілген ерекше видеоларды жариялады, деп жазды turkystan.kz.
Кадрдан жас жұбайлардың құрметіне әзірленген үлкен тортты көруге болады.
«Эксклюзивті тортымызды алдырайық. Бұл - тек Олжас пен Айнұрдың тойына әзірленген қайталанбайтын нағыз экслюзивті торт. Недеген керемет көрініс! Бәріміз бірге қаттырақ қол соғып қояйық», - деді тойда асабалық еткен азамат.
Осыдан кейін екі жас бір-біріне торттан дәм татқызды.
Мұны көрген желі қолданушылары таңданыстарын жасыра алмады.
«Ужассс, не деген үлкен торт?!», «Керемет!», «Өмірлерің торттай тәтті болсын!» деп жазды эмоциясымен бөліскен желі қолданушылары.