Ауру ұлын іздеп жүрген әйелді көлік қағып кетті

/
Ауру ұлын іздеп жүрген әйелді көлік қағып кетті
Ашық дереккөзден

Әзербайжанның Газах ауданында психикалық ауытқуы бар ұлын іздеп жүрген әйелді көлік қағып кетті, деп хабарлады turkystan.kz.

Oxu.Az агенттігінің хабарлауынша, Икинжи Шыхлы ауылында тұратын 1986 жылы туған Мегсед Мустафаев психикалық дертке шалдыққан. Ол күн сайын ауылдан аудан орталығындағы саябақтарға серуендеуге барып жүрген, ал кешкісін анасы Шахлых Мустафаева оны үйге алып қайтатын.

Кезекті рет ұлын іздеп шыққан кезде, Шахлых Мустафаева аудан орталығында болған жол-көлік оқиғасының құрбаны болды. Mercedes-Benz бен Ford Transit автокөліктері соқтығысып, нәтижесінде Ford Transit жүргізушісі рөлге ие бола алмай, тротуарға шығып кеткен. Дәл сол сәтте көлік Шахлых Мустафаеваны қағып кеткен. Ауыр жарақат алған әйел ауруханада көз жұмды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, іс сотқа жолданды.

Сот Ford Transit көлігінің жүргізушісін 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Ол жазасын жеңілдетілген режимдегі түзету мекемесінде өтейді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары