Жапонияда 1 маусымнан бастап жұмыс орнындағы ауа температурасын қадағалауға қатысты жаңа талап күшіне енді. Енді жұмыс берушілер ғимарат ішіндегі температура мен ылғалдылық деңгейін тұрақты түрде бақылауға міндетті болады, деп хабарлайды turkystan.kz. straitstimes.com-ға сілтеме жасап.
Егер жұмыс орнында +31°C-тан жоғары болса, қызметкерлерге міндетті түрде үзіліс берілуі тиіс немесе оларды үйге қайтаруға рұқсат етілуі керек.
Бұл талаптарды орындамаған жұмыс берушіге 500 мың иенге дейін айыппұл салынады.
Жаңа ереже жұмысшылардың денсаулығын қорғау және аптап ыстық кезінде жылу соғуының алдын алу мақсатында енгізілді.