Ақтөбе облысында тағы бір жасөспірім суға батып кетті

/
Ақтөбе облысында тағы бір жасөспірім суға батып кетті
istockphoto.com

Оқиға 31 мамыр күні Темір ауданының Шұбарқұдық маңында, Ойыл өзенінде болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

«16 жастағы жасөспірім отбасына көмектесіп, малды суатқа айдап апарған. Сол сәтте қойлардың бірі өзеннің терең жеріне түсіп кеткен, жасөспірім оны құтқармақ болып суға секірген, бірақ батып кеткен», - деп хабарлады Ақтөбе облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.

Еске салайық, 23 мамырда Шалқарда 15 жастағы жасөспірім суға батып кеткен болатын. Ол шомылуға тыйым салынған жерде суға түскен.

ТЖД судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау маңызды екенін ескертеді. Ересектерден балаларды қараусыз қалдырмауды, оларды жабдықталмаған және тыйым салынған жерлерде шомылуға жібермеуді сұрайды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары