Ақтөбе қаласының Мәншүк Мәметова және 312 атқыштар бригадасы көшесінде жол-көлік апаты болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Куәгерлердің айтуынша аттылы адам бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрғанда жолды кесіп өткен. Сол кезде оны жеңіл автокөлік келіп соққан.
Видеодан аттың машинаның капотына шығып, құлап түскенін көруге болады. Ат үстіндегі адам да жерге құлап, іле-шала атып тұрып атына қарай барған.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.